АҚШ Иракқа 1300 әскер жолдайды

АҚШ әскерлері Иракта ІШІМ-мен күреске көмекші болады.

153695
АҚШ Иракқа 1300 әскер жолдайды

Пентагонның ІШІМ-мен күресі жалғасып жатыр.


Америка Құрама Штаттарының Қорғаныс министрлігі Пентагон Ирак қауіпсіздік күштерінің террористік ұйым ІШІМ-мен күресіне жәрдемші болу мақсатымен көпшілігі парашют жасақтарына қарасты 1300 әскердің Иракқа жолданатынын жариялады.


Пентагон өткен ай Иракқа жолданатыны жарияланған 1500 әскердің 1300-інің жаңа жылда Иракқа баруға дайын тұрғанын білдірді.


Бюджет Конгресте мақұлданғаннан кейін АҚШ Қорғаныс министрлігі мөлшермен мың әскердің келер жылы Иракқа жолдануын қабылдады.


Иракқа баратын әскерлер 9 ай бойынша Иракта міндет атқарады.


Аталмыш әскерлер Ирак қауіпсіздік күштеріне білім береді.


Қосымша 300 әскер қарсы хабар жинау, логистикалық және хабарласу салаларында міндет атқарады.


Иракта мөлшермен мың 600 АҚШ әскері міндет атқарып жатыр.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар