Ауғанстанда жанкешті шабуыл жасалды

Шабуылда 7 адам қаза тапты, 18 адам жарақат алды.

147764
Ауғанстанда жанкешті шабуыл жасалды

Кабулда Қорғаныс министрлігіне тән бір автобусқа жанкешті шабуыл ұйымдастырылды.
Ауғанстан Ішкі істер министрі Эюп Салангы Поле Артел аймағында ұйымдастырылған шабуылда қаза тапқан және жараланғандардың әскер екенін білдірді.
Шабуылдың артынан көлікті өрт шығып, қаза тапқандардың кейбіреулерінің өртте күйіп қаза тапқаны атап көрсетілді. Жаралылардың кейбіреулерінің жағдайының ауыр екені білдірілді. Шабуылға ұшыраған автобус толығымен өртенсе, куәгерлер өрт сөндіргіштердің оқиға орнына 2 сағат өткен соң келгенін алға тартты.
Шабуылды мойындаған талибан ұйымының мәлімдемешісі Забиуллах Мүжахит оқиғада ондаған әскердің өлтірілгенін алға тартты.
Кабулда кеше де кім екені белгісіз қарулы адамдар Жоғары сот Бас хатшысы Атикулла Рауфиге шабуылдап өлтірген болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар