Бахрейнде жаңа үкімет

Жаңа үкімет ант ішіп, міндетін бастады.

140105
Бахрейнде жаңа үкімет

Бахрейнде өткен жалпыхалықтық сайлаудан кейін жаңа үкімет құрылды.


Халифа бин Салман әл Халифа басшылығындағы жаңа үкімет ант ішіп, міндетін бастады.


Король Хамед бин Иса әл Халифа үкіметтің алғашқы жиналысында «Сіздер төртінші заң шығару кезеңінде сенімді өмір үшін жұмыстанасыздар. Шындықтарға жақын болу үшін сізге жұмыстарды өз орнында, халықтың арасында жүргізуді ұсынамын» деді.


Халифа Шура мәжілісіне 40 депутат тағайындады.


Бахрейнде екі түрлі мәжіліс бар. Шура мәжілісіне мүшелерді Король тағайындайды. Өкілеттіктері шектеулі Ұлттық мәжіліс болса сайлаумен тағайындалады.


Бахрейнде 29 қараша күні екінші туры аяқталған сайлауда 40 орынды Ұлттық мәжілістің депутаттары анықталған болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар