Олланд пен Путин кездесті

Қазақстан сапарын аяқтаған Франция президенті Ресейге кеше сюрприз бір сапар ұйымдастырды.

139274
Олланд пен Путин кездесті

Екі басшы Мәскеу әуежайында Украина дағдарысымен байланысты көзқарас алмасты.
Франция президенті Франсуа Олланд дағдарыстың артынан Ресейге барған тұңғыш басшы болды.
Олланд кездесуде мәселеге ортақ шешім табу керектігін тілге тиек етті.
Кездесудің артынан екі басшы баспасөзге мәлімдеме жасады.
Путин Украинада жақын бір келешекте нақты бір атысты тоқтату келісіміне қол қою тақырыбында үмітті екенін атап, елінің Украинаның шекара тұтастығын жақтағанын мәлімдеді.
Путин еліне табыс етілетін бірақ Париж тарапынан Украинадағы жаңалықтар себепті табыс ету мерзімі кейінге қалдырылған 2 соғыс кемесі тақырыбының күн тәртібіне келмегені атап көрсетілді.
Путин бұл тақырыпта келісім-шарттардың жүзеге асатынын үміт еткенін білдірді.
Басқа жағынан Украинадағы дағдарыстың жойылуы үшін бастамалар жалғасуда.
Украина президенті Петр Порошенко келесі апта ресейшіл жікшілдердің басшысымен Минскте бас қосатындарын мәлімдеді.
Кездесуде атысты тоқтатудың егжей-тегжейі қолға алынады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар