Мелесс - Игі ниет елшісі

20 жасар эфиопиялық әнші ЮНИСЕФ тарапынан «Игі ниет елшісі» ретінде таңдалды.

200725
Мелесс - Игі ниет елшісі

Эфиопиялық әнші «Игі ниет елшісі» ретінде сайланды.


20 жасар эфиопиялық әнші Абелон Мелесс БҰҰ ЮНИСЕФ тарапынан «Игі ниет елшісі» ретінде таңдалды.


ЮНИСЕФ-тің Эфиопия өкілі Патриция Ди Гиованни Мелесстің елдегі қыз балалар мен әйелдермен жақыннан айналысқанына орай елші ретінде таңдалғанын айтты.


Мелесс те ЮНИСЕФ тарапынан игі ниет елшісі ретінде сайланғанына қуанғанын айтып, «Музыка мұқтаждардың үні болуыма көмектесті» деді.


Жас әнші «Эфиопиядағы жағдайды жақсы білемін, балалар құқығын қорғау және аналардың денсаулықтарын жақсарту тақырыптарына үлес қосу мақсатымен ән шырқаймын» дей келе дүние жүзіндегі балаларға да көмек беруді тілейтінін айтты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар