ISIS тағы бір шетелдіктің басын кесіп өлтірді

Террор ұйымының ағылшын текті жауынгері Джон американдық жәрдем қызметкері Кассингтің басын кесіп өлтірді.

192747
ISIS тағы бір шетелдіктің басын кесіп өлтірді

ISIS өткен жылы Петер Кассингті Сириядан алып қашқан болатын.


АҚШ президенті Барак Обама ISIS тарапынан өлтірілген Петер Кассингтің жанұясына көңіл айтты.
Ұйым сондай-ақ Асад режимінің жойғыш ұшақ ұшқыштарын жауыздықпен өлтірді.
Ағылшын жауынгер Джонның болса соңғы қақтығыстарда жарақат алғаны алға тартылды.
Ирак армиясының ISIS-ке бағытталған операциялары да жалғасуда.
Бейжиде елдің ең үлкен мұнай өңдеу зауытының артынан Дияла қаласында да стратегиялық маңызы бар Идем су бөгетін бақылауға алған Ирак армиясы бөгет төңірегіндегі ISIS қорғаныстарына шабуыл бастады.
Террор ұйымымен күреске назар аударған Ирак мекемелеріне АҚШ-тан жоғары деңгейлі бір сапар ұйымдастырылды.
Бағдатқа келген АҚШ Бас Штаб Басқармасы төрағасы Мартин Дэмпси премьер-министр Хайдар Абади және Қорғаныс министрі Халит Убейдимен кездесті.
Дэмпси кейін болса аймақтық күрт әкімшілігінің орталығы Эрбил қаласына өтті.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар