Ейде: Түркияның Шығыс Жерорта теңізінде заңсыз жұмысы жоқ

БҰҰ Кипр арнайы өкілі Ейде түрік кемелерінің халықаралық құқыққа қарама-қайшы әрекеті болмағанын мәлімдеді.

188906
Ейде: Түркияның Шығыс Жерорта теңізінде заңсыз жұмысы жоқ

БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі Эспан Барт Ейде понти тарапы алға тартқан Бөлінген экономикалық аймақ ретінде жариялаған аймақтағы түрік кемелерінің жұмыстарының халықаралық құқыққа сәйкес екенін атап айтты.


Кипр Понти әкімшілігі Шығыс Жерорта теңізі әрекеттері себепті Түркияны БҰҰ-на шағымдануға дайындалатын. Дегенмен БҰҰ-нан күтпегендері бір жауап алды.
Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының Кипр арнайы өкілі Түркияның жұмыстарының халықаралық ережелерге қарама-қайшы емес екенін атап айтты.
Ейде понтилердің Бөлінген экономикалық аймақ деп жариялағандары аймақта егемендік құқы бар екенін дегенмен соғыс кемелеріне қоса кезкелген кеменің де осы су айдынында жүзе алатынын білдірді.
Ейде Бөлінген экономикалық аймақ ретінде алға тартылған жердің понти су айдыны емес екенін айтты.
Табиғи газбен байланысты мәселе шешілмеген жағдайда қызудың одан да артатынын атап көрсеткен Ейде гидро карбон резервтерінің аралдағы екі қоғамның ортақ мүлкі екенін тағы бір рет атап көрсетті.
Ейде «Меніңше бұлар бірігудің артынан құрылатын федеральды үкіметтің жауапкершілік алаңы болып табылады» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар