Украинада 'атысты тоқтату' келісімі тағы бұзылды

Украинаның шығысындағы Донецкте бір мектептің спорт алаңына снаряд құлады.

183107
Украинада 'атысты тоқтату' келісімі тағы бұзылды

Украинаның шығысында 5-ші қыркүйекте жарияланған атысты тоқтату келісіміне қарамастан қақтығыстар жалғасуда.


Шабуылда 14 бен 18 жасар екі жас қаза тапты, 4 жас жараланды.
Украинада атысты тоқтатудың бұзылатыны уайымдарды арттырып жатқанда Еуропа Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) аймақтағы бақылаушы қызметінің ауқымын кеңейтуді жоспарлағанын жариялады.
Жоспарға қарағанда жылдың аяғына дейін бақылаушы қызметкер саны 500-ге жеткізіледі.
Ресейшіл жікшілдер мен Украина армиясы арасындағы қақтығыстарда сәуір айынан бері 4 мыңнан астам адам қаза тапты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар