Франция Ливанға қару сатады

Франция мен Сауд Арабиясы Ливанға қару сатуға келісті.

182197
Франция Ливанға қару сатады

Қару сату келісімі мақұлданды.


Сауд Арабиясы мен Франция арасында Ливан армиясына 3 миллиард долларлық қару сатып беруді дәріптеген келісімге қол қойылды.


Келісімге Сауд Арабиясының астанасы Риядта Сауд Арабиясының Қазына министрі Ибрахим ел-Асаф пен Франция Қару фирмасы Әкімшілік кеңесінің төрағасы адмирал Эдвар Гийо қол қойды.


Келісім кездесуіне қатысқан Ливан Бас Штаб төрағасы Имад Жан Кахвежи елінің қандай қарулар алатынына байланысты мәлімдеме жасамады.


Франция Қорғаныс министрі Жан-Ив Ле Дриан өткен ай құнын Сауд Арабиясы төлейтін және Ливанға сатылатын 3 миллиард долларлық саруға байланысты жобаның шарттарын тараптардың қабылдағанын білдірген еді.


Франция Президенті Франсуа Олланд пен Сауда Арабиясының мұрагер Ханзадасы және Қорғаныс министрі Селман Бин Абдулазизбен қыркүйек айындағы кездесуінде аталмыш тақырып күн тәртіпке келіп, екі басшы негізінен келісімге келген болатын.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар