Израиль іргесін кеңейтіп келеді

Израиль Йерусалимде тағы 500 үй салуды жоспарлап отыр.

180682
Израиль іргесін кеңейтіп келеді

Израиль Йерусалимде тағы 500 үй салады.


Израильде жарияланатын «Едио́т Ахроно́т» газетінің хабарына қарағанда комитеттің кеше өткізген жиналысында Йерусалимнің Шуфат қалашығындағы Рамат Шалом елді мекенінде 500 жаңа үйдің құрылысын салуды мақұлдады.


Хабарда сонымен бірге мақұлданған 500 үйдің қазіргі 1600 үйлік жоспарға қосымша жасалатыны білдірілді.


Премьер-министр Беньямин Нетаньяху өткен апта Шуфат қалашығындағы Рамат Шалом елді мекенінде 660 және Әбу Гунейм тауындағы Хар Хомада 400 жалпы мың 60 жаңа елді мекен құрылысын салуды мақұлдаған болатын.


Израиль әкімшілігі 2010 жылы АҚШ Президентінің орынбасары Джо Байденнің аймаққа зияраты кезінде1600 үйлік елді мекен жобасын жариялаған болатын. АҚШ-тың қатал наразылығы себепті жобаны тоқтатқан еді. 

Израиль 2012 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы Жалпы Кеңесінде Палестинаға бақылаушы мәртебесі берілгеннен кейін жобаны қайтадан іске қосқан.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар