БҰҰ Климат рапорты жарияланды

30 мың беттен тұратын рапортты 900 ғалым дайындады.

178841
БҰҰ Климат рапорты жарияланды

Біріккен Ұлттар Ұйымының Климат рапортына қарағанда климат өзгерісін қайта қалпына келтіру мүмкін емес.

Мамандарға қарағанда атмосферадағы зиянды газ өндірісін азайту және жаһандық ысынумен күрес үшін аз уақыт қалды.
Климат өзгерісі үкіметаралық конференциясының 900 ғалым қатысқан зерттеулерінен тұратын синтез рапортындағы кейбір тақырыптар назар аударады.
30 мың беттен тұратын рапортта климат өзгерісі процесінің одан да жылдамдағаны, қайта қалпына келу ықтималының мүмкін емес екені, күші мен әсерін тигізетін факторлардың алдын алу үшін атқаруға тиісті шараларға орын берілген.
Рапортта жаһандық ысынуға адамның тікелей қатысы бар екені, адамнан туындаған зиянды газ өндірісінің тарихтағы ең жоғары көрсеткішке ұласқаны атап көрсетілді.
Аталмыш рапортта 1950 жылдан бері бақылауға алынған атмосфера және мұхиттың жылына бастағаны, қар жауыны мен мұздықтардың мөлшерінің азайғанына назар аударылған.
Сондай-ақ 1901-2010 жылдары арасында теңіз деңгейінің шамамен 19 сантиметрге көтерілгені атап көрсетілді.
Барлық сценарийлер қамтылған рапортқа қарағанда 21-ші ғасыр бойынша жер қабатының жылынатыны және зиянды газ өндірісі қазір тоқтатыла алса да, климат өзгерісінің әсерінің ғасырлар бойы жалғасатынын атап көрсетті.
БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун болса рапорттың қорытынды бөлімі жарияланған соң жаһандық ысынумен күрестің күшейтілуі жөнінде шақыру тастады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар