Әлем денсаулық сақтау ұйымы эболамен байланысты мәлімдеме жасады

Ұйым ауру ең көп байқалған 3 елден бірі ретінде Либерияда өлімдердің азайғанын жариялады.

174944
Әлем денсаулық сақтау ұйымы эболамен байланысты мәлімдеме жасады

Дегенмен ұйым сақтықты тастамау керектігін білдірді.
Жұқпалы аурумен күрес үшін аймаққа жәрдемдер жіберілуде.
Қытайдың Демократиялық Конго Республикасына 820 миллион долларлық жәрдемі ұласты.
Ағылшын әскерлері болса Сьерра-Леонеде денсаулық сақтау қызметкерлеріне қорғаушы киімдерді қалай киетіндері жайлы жаттығу өткізді.
Дегенмен лауазымдылар аймаққа одан көп қолдау керектігін атап көрсетеді.
Америка Құрама Штаттары президенті Барак Обама елде қайтадан ұқсас оқиғалар кездесетінін, дегенмен мұның Батыс Африкаға жабдықтау материалдары жіберуге кедергі емес екенін айтты.
Испания Ішкі істер министрлігі эболамен байланысты пікір талас туғызатын бір қауесет ортаға тастады.
Министрлік террор ұйымдарының ауруды батыстықтарға қарсы қару ретінде қолдануды жоспарлағанын алға тартты.
Мәлімдемеде ISIS ұйымының тақырыппен байланысты интернетте кейбір хаттар жібергені атап көрсетілді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар