Замбия Президенті қайтыс болды

77 жасар Майкл Сата Лондон қаласындағы емханада қайтыс болды.

173551
Замбия Президенті қайтыс болды

Замбия Президенті Майкл Сата Ұлыбританияның астанасы Лондон қаласында емделіп жатқан емханада қайтыс болды.


77 жасар Майкл Сатаның науқасы жарияланбады.
Майкл Сата мен жанұясындағылар 19 қазанда Замбиядан Ұлыбританияға келген болатын.
Замбия Президенті Майкл Сата Нью-Йорктегі Біріккен Ұлттар Ұйымы Жалпы Кеңесі жиналысына қатысқан, алайда науқастанып қалғандықтан сахнаға шығып баяндама жасай алмаған еді.
Замбия Президенті Майкл Сата 2011 жылдан бері президенттік міндетті атқарып келе жатқан.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар