ISIS ұйымы Джераблустан Кобаниге қосымша жасақтар жіберді

Кобанидегі қақтығыстар түнімен жалғасты.

165520
ISIS ұйымы Джераблустан Кобаниге қосымша жасақтар жіберді

ISIS мүшелері Джераблустан жіберілген қосымша жасақтармен қаланың жан-жағынан күрт топтарға қарсы шабуыл бастады.

Пешмерге қолбасшылары Кобаниге ирактық пешмергелердің емес, Ирактың солтүстігінде жаттықтырған сириялық күрттердің жіберілетінін атап көрсетті.
ISIS террор ұйымы мүшелері Иракта да түрікмендер жиі өмір сүрген Бағдаттың 120 шақырым солтүстігіндегі Кара Тепе ауданына шабуылдады.
9 мың тұрғыны бар Кара Тепе халқының жартысы елдерін тастап кетсе, Кара Тепе төңірегіндегі 2 күрт ауылының ISIS бақылауына өткені білдірілді.
Ирак премьер-министрі Хайдар әл-Ибади болса ISIS-пен күресте Иранның қолдауын сұрау үшін Тегеранға барды.
Мысыр премьер-министрі Ибрахим Мехлеб болса ISIS-пен күрес аясында АҚШ-қа тікелей әскери жәрдем жасай алмайтындарын мәлімдеді.
Люксембургте жиналған Еуропа Одағы Сыртқы істер министрлері болса қоршау астындағы Кобанидегі жағдайдың уайымдарды арттырғанын мәлімдеді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар