ASEM бас қосты

Саммиттің маңызды тақырыптары – Украина дағдарысы, эбола індеті және ISIS ұйымы.

160491
ASEM  бас қосты

Азия және Еуропа басшыларына бас қостырған 10-ншы АSEM саммиті Италияның Милан қаласында басталды.


Басшылар екі күн блйы экономикалық ынтымақтастықпен бірге жаһандық мәселелерді де қолға алады.


Ирландиядан Жапонияға, Ресейден Жаңа Зеландияға ауқымды территориядан басшылар қатысатын саммит Еуропа Одағы кеңесі басшысы Херман Ван Ромпейдің басшылығында басталды.


ASEM cаммитінің маңызды тақырыптары – Украина дағдарысы, эбола індеті және ISIS ұйымы.


Кешегі алғашқы отырыста Азия мен Еуропа арасындағы экономикалық ынтымақтастық талқыланды. Отырыста сөз алған Қытай премьер-министрі Ли Кичиянг Азия мен Еуропа елдеріне бейбітшілік пен қауіпсіздікті кепілге алу және бірлікті нығайтуға шақыру тастады.


Ли айырықша Еуразия нарығының қалыптасуы үшін қадам басылуы керектігін білдірді.


Саммит аясында басшылар екі жақты кездесулер де өткізуде.


Жапония премьер-министрі Шинзо Абе Еуропа Одағы кеңесі басшысы Херман Ван Ромпей және Еуропа Одағы комиссия төрағасы Хосе Мануэль Бароззомен бас қосты.


Саммиттің алғашқы күні кешке Италия президенті Наполитано кешкі қонағасын берді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар