Обама 21 елдің Бас Штаб Басқармасы төрағасына үн қатты

АҚШ презиенті Барак Обама ISIS-ке қарсы бүкіләлемдік бір күрес жүргізілгенін айтты.

158326
Обама 21 елдің Бас Штаб Басқармасы төрағасына үн қатты

АҚШ-тың астанасы Вашингтонда АҚШ Бас Штаб Басқармасы төрағасы генерал Мартин Дэмпсидің басшылығында 21 коалиция мемлекетінің әскери басшылары ISIS-ке қарсы күрес тақырыбын талқылау үшін жиналды.

АҚШ президент Барак Обама жиналыстың кешегі алғашқы отырысына қатысып, сөз сөйледі.
Қазірше коалицияға 60-қа жуық елдің үлес қосқанын атап айтқан Обама «Осы себепті ISIS-ке қарсы әлемдік бір күрес жүргізіледі» деді.
Обама коалиция мемлекеттерінің әскери басшыларының ISIS-пен күрес аясында тек қана әскери операциямен шектелмеуге шешім қабылдағанын атап айтқан Обама «Қарсыласымыз майданда тізе бүктірген соң берілетін әдеттегі құрылымға ие бір армия емес. Біз соғысқан басқа бір күш болса аймақтың көптеген жеріне тамыр жайған радикал идеологиялар. Аймақта ұзақ заманнан бері саяси және ұйымдық жиындардың негізгі орталығы болған діни қауымдық және саяси бөлшектенушілікпен де күресеміз» деді.
Обама гуманитарлық жәрдемдерге назар аударып, осы гуманитарлық дағдарыста тек қана соңғы кезеңде емес, ұзақ уақыттан бері Түркия, Ливан және Иорданияның «Ауыр бір жүкті көтергеніне» назар аударды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар