Ауғанстан мен АҚШ арасында келісімге қол қойылды

Ауғанстанның жаңа президенті Ашраф Ғани сайлау акциясы барысында берген уәдесін орындады.

145186
Ауғанстан мен АҚШ арасында келісімге қол қойылды

Ауғанстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы қауіпсіздік келісіміне қол қойылды.


Ауғанстанның жаңа президенті Ашраф Ғани сайлау акциясы барысында берген уәдесін орындады.


Ғанидің ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесшісі мен Кабулдағы АҚШ өкілетті елшісі келісімге Президенттік сарайда қол қойды.


Келісімге қарағанда, коалиция күштері жылдың аяғына дейін Ауғанстандағы әскерлерін әкетеді, алайда 12 мыңын қалдырады.


Осы әскерлердің 9 мың 800-і Америка әскері болады.


Ауғанстанда қалатын шетелдік әскерлер қақтығыстарға қатыспайды.


Талибан болса келісімге наразылық білдіріп, «Американдықтар өздерін жаңа және қауіпті соғысқа дайындап жатыр» деді.


Ауғанстанның бұрынғы президенті Хамит Карзай Америка Құрама Штаттарымен қауіпсіздік келісіміне қол қоймап еді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар