Ердоған БҰҰ-на бағытталған сындарын жалғастырды

Стамбулдағы форумда Ердоған БҰҰ-на бағытталған сындарын жалғастырды.

143025
Ердоған БҰҰ-на бағытталған сындарын жалғастырды

Әлем Экономикалық Форумы арнайы жиналысы Стамбулда өтуде. Бұл форумға әлем саясаты мен экономикасына бағыт сілтейтін 70-тен астам елдің 600 маңызды тұлғалары қатысты.
Президент Режеп Тайып Ердоған форумның беташар сөзінде Біріккен Ұлттар Ұйымына бағытталған сындарын жалғастырды. Әскери төңкеріс арқылы билік басына келген Мысыр президенті Сисидің БҰҰ Саммитінде баяндама жасауына тағы бір мәрте наразылық көрсетті.
Талай жылдан бері террормен күрескен Түркияның жалғыз тасталғанын да баяндаған президент «Әй барша әлем, ISIS сынды бір террор шыққаннан кейін аттанысқа келдің. ПКК террор қырғын жасаған кезде неге үнсіз қалдыңдар?» деді.
Президент Ердоған «Әлем бес елден үлкен. Әлемнің тағдырын осы бес елдің қолына тастамауымыз керек» деген үндеу тастады.
Президент Режеп Тайып Ердоған Форум үшін Стамбулға келген лидерлермен кездесті.
Грузия президенті Георгий Маргвелашвили, Қырғызстан президенті Алмасбек Атамбаев және Ирак күрд аймақтық әкімшілігі лидері Нечирван Барзанимен жеке-жеке кездесті.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар