Украина танктарын сатудан бас тартты

Украина Конго Республикасына тапсыруға тиісті танктарды беруден бас тартты.

142030
Украина танктарын сатудан бас тартты

Украина Конго Республикасына сатуы жоспарланған танктарды сатудан бас тартты.
Украина Ұлттық Қорғаныс қолбасшысы Штефан Полтарак, Харьков уәлаятына жасаған зияраты барысында жасаған мәлімдемесінде мұның алдында қол қойылған келісімдер аясында Конгоға жіберілуі жоспарланған 10 дана Т-64 Б типі танктың елдің шығысындағы террормен күрес операцияларында орын алған Ұлттық Қорғаныс күштеріне тапсырылғанын айтты.
Полтарак танктардың әскери дайындығының тексерілуінің артынан Ұлттық Қорғаныс күштеріне жіберілетінін атап, «Осы танктардың мұның алдында қол қойылған келісім-шарт негізінде Конгоға жіберілуі керек болатын. Дегенмен елде соғыс болып жатқанда, әскери көліктерді сату шарт емес. Осы бағытта шешім қабылданды» деді.
Полтарак аталмыш танктардың жаңа еместігін және елдегі бір фабрикада жаңартылғандарын еске салып, әскерлердің танктардағы әскери жаттығуларының аяқталуының артынан лаңкестікпен күрес аймағына жіберілетіні атап көрсетілді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар