Халықаралық Ғарыш стансасына жаңа сапар

Экипаж Ғарыш стансасында күтім және жөндеу жұмыстарын атқарады.

140839
Халықаралық Ғарыш стансасына жаңа сапар

Орыс ғарышкерлер Елена Серова мен Александр Самокутяев және американдық ғарышкер Барри Вильморды тасыған кеме Қазақстанның Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылды.


Орбитаға отырған кеме соңғы кезде қолданыла бастаған қысқа жолды қолданып, алты сағаттан кейін Халықаралық Ғарыш стансасына барды.


Елена Серова 17 жылдан кейін Ресей ғарышқа жолдаған алғашқы әйел ғарышкер болды.


Осы үш адамдық топ арқасында стансаның тұрғын саны екі есе артты.


Экипаж түрлі ғылыми тәжірибе, күтім және жөндеу жұмыстарын жалғастырады.


100 миллиард долларға түскен Халықаралық Ғарыш стансасына үлес қосқан 15 ел НАСА ғарыш көлігі бағдарламасын доғарғандықтан стансаға ету үшін Союз-ға бел байлап отыр.


Стансаға орыс көлігімен барудың құны бір адамға 71 миллион долларға жетеді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар