Ердоған Обамамен телефон арқылы сөйлесті

Ердоған Нью-Йоркта маңызды кездесулер өткізді.

139852
Ердоған Обамамен телефон арқылы сөйлесті

Президент Режеп Тайып ЕрдоғанНью-Йорктағы сапарының соңғы күнінде екі маңызды кездесу өткізді.
Ердоған алдымен АҚШ президенті Барак Обамамен телефон арқылы сөйлесті.
Обаманың телефон соғуымен өткізілген кездесуде ISIS ұйымы, Сирия және аймақтық тақырыптар қолға алынды.
Екі лидер ISIS қамтылған аймақтағы террор ұйымдарымен күресу және Сирия мәселесі сынды тақырыптарда Түркия мен АҚШ-тың ортақ стратегиялық келісімі бойынша жалғасты жұмыс істейтіндерін дәріптеді.
Ердоған мен Обама алдымыздағы процесте қою байланыс жасап тұру жөнінде келісті.
Президент Ердоған одан кейін АҚШ президент орынбасары Джо Байденді қабылдады.
Ердоған мен Байден Ирак және Сириядағы соңғы оқиғалар баста болып аймақтық мәселелер жайлы пікір алмастырды.
Президент одан соң АҚШ Сауда палатасы мен Түркия ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі ТИКА ұйымдастырған жиналысқа қатысты. Жиналыста екі ел арасындағы сауда қарым-қатынастары талқыланды.
Ердоған Нью-Йорктағы сапарының соңғы күнінде кәсіп әлемі мен азаматтық ұйымдардың өкілдерімен де кездесті.
Президент Ердоған кеште Turken Foundation тарапынан ұйымдастырылған қонақасына қатысты. Сондай-ақ баспасөзге жабық болған іс-шарада ғалымдар мен студенттерге арнап бір баяндама жасады.
Президент Ердоған және оның басшылығындағы делегация Нью-Йорктан Түркияға оралды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар