АҚШ ISIS пен Хорасан лаңкестік ұйымдарына бірдей шабуылдады

АҚШ Сирияда ISIS-ке қоса, Хорасан лаңкестік тобының да бомбалағанын жариялады.

136623
АҚШ ISIS пен Хорасан лаңкестік ұйымдарына бірдей шабуылдады

Америка Құрама Штаттары Сирияда ISIS нысаналарына қоса, Әл-каидамен байланысты Хорасан тобының да бомбалағанын жариялады.
Рентагон Хорасан тобының АҚШ немесе Еуропада үлкен бір лаңкестік шабуыл дайындығының соңғы сатысында екенін атап көрсетті.
Пентагон тарапынан жасалған мәлімдемеге қарағанда Хорасан тобының Халеп маңында қоныстанған тек қана Американ ұшақтары қатысқан 8 әуе шабуылы ұйымдастырған. Ракка және Ирак шекарасы маңына жақын аймақтарда ISIS-тің штаб пәтерлерін бомбалады.
Шабуылға қолдау берген 5 араб мемлекетінің әрі әуе бақылауына қатысқанын, әрі әуе шабуылдарына қатысқанын атап көрсеткен Пентагон шабуылдардың әсіресе АҚШ жойғыш ұшақтарының жасағанын білдірді.
Мәлімдемеде осы шабуылдардың әлі жаңа бастама екеніне назар аударылды.
Шабуылдарда Хорасаннан 50, ISIS-тен 70 адамның өлтірілгені алға тартылады. Сириялық оппозиционерлер шабылдар барысында 3 бала, 8 жазықсыз адамның да қаза тапқанын жариялады.
АҚШ өкілетті елшісінің Сирияның БҰҰ-дағы өкілдігіне шабуыл алдында мағлұмат беруінің ортаға шығуымен Сирия елбасы Башар Асадтың да халықаралық коалицияның лаңкестікпен күресіне қолдау бергенін атап көрсетті.
АҚШ президенті Барак Обама ISIS-ке қарсы күрестің ұзаққа жалғасатынын және ISIS-ті жоятындарын атап көрсетті.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар