АҚШ Газаға 71 миллион долларлық жәрдем жасайды

АҚШ Сыртқы істер министрлігі тақырыппен байланысты мәлімдеме жасады.

135912
АҚШ Газаға 71 миллион долларлық жәрдем жасайды

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керри Газадағы палестиналықтардың жедел қажеттіліктері көмектесу мақсатты шамамен 71 миллион долларлық қосымша гуманитарлық жәрдем жасайтынын мәлімдеді.
Сыртқы істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде Газада қазір 58 мыңнан астам адамның БҰҰ-на тиесілі ғимараттарда өмір сүргенін және аймақта азық-түлік, таза ауыз суы және жанармай сияқты негізгі қажеттіктердің жеткіліксіз екенін атап көрсетті.
Жәрдемдердің 59 миллион долларлық бөлігі БҰҰ Палестина босқындарына жәрдем мекемесінің (UNRWA) Газадағы жұмыстарына қолдау беру мақсатты төленеді. Қалған 12 миллион долларлық бөлігі болса араларында Халықаралық өркендеу агенттігі де бар басқа мекемелердің жедел су, баспана, азық-түлік және денсаулық қызметін қамтамасыз ету үшін беріледі.
Мәлімдемеде АҚШ-тың палестиналық халқының қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған уәделерді орындауды жалғастыратынын атап көрсетті.
Керри шілде айында болса Газаға 47 миллион долларлық гуманитарлық жәрдем жасалатынын жариялаған болатын. Жаңа жәрдемдермен бірге АҚШ-тың Газаға жасаған гуманитарлық жәрдемдердің барлығы 118 миллион долларға жетті.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар