Эбола - халықаралық бейбітшілікке қауіп

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі осындай қарар қабылдады.

131818
Эбола - халықаралық бейбітшілікке қауіп

БҰҰ эболаны халықаралық бейбітшілікке қауіп деп жариялады.


БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі осындай қарар қабылдады.


Кеңестің қарарында мүше елдерге жедел көмек және материалдық қор қалыптастыруға шақыру жасалды.


Сонымен бірге індет зиян тигізген елдерге көмек жеткізу үшін саяхат тыйымының жойылуы талап етілді.


БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун эбола безгегі ауруына шалдыққандардың әрбір үш аптада екі есе көбейгенін атап көрсетті.


Бас хатшы эболаға байланысты БҰҰ құрамында арнайы бөлім құрылатынын айтты. Осы бөлімнің орталығы вирус тараған Гвинея, Либерия және Сьерра-Леонеден басқа бір елде ашылатынын, алайда осы үш елде өкілдіктері болатынын хабарлады.


Франция да осы аймақта әскери аурухана ашуды жоспарлап отыр.


Америка Құрама Штаттары үш ай ішінде аймаққа 3 мың әскер жолдап, 17 медициналық орталық ашуға дайындалуда. Куба, Қытай, Ұлыбритания сынды елдер медициналық қызметкер және материал жолдауды көздеп отыр.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар