«Түріктермен бірге жұмыстанамыз»

АҚШ Қорғаныс министріЧак Хэйгел Сенатта баяндама жасады

128629
«Түріктермен бірге жұмыстанамыз»

АҚШ Қорғаныс министрі Чак Хэйгел Түркияның Ирак Дамаск Ислам мемлекеті (ISIS) террор ұйымы және басқа да радикал топтардың қаупін әр мемлекет сияқты өздерінің де байқап тұрғандарын айтты.
Сенат Қарулы қызметтер комитетінде ұйымдастырылған ISIS тақырыпты отырыста сұрақтарға жауап қайтарған Хэйгел АҚШ пен Түркияның ISIS-ке қарсы күресте ортақ және нақты мүдделерді бөліскенін атап, «Түріктермен бірге жұмыстанамыз» деді.
Түркияның осы кезеңде маңызды бір ел екенін атап айтқан Хэйгел ISIS-тің қазірге дейін 49 түрік дипломатты кепілдікке алғанына назар аударды.
АҚШ Қорғаныс министрі өткен апта Түркияға жасаған сапары барысында жүзеге асқан барлық кездесулерінде осы тақырыптың түрік тарапының тізімінде алғашқы кезекте тұрғанын жеткізді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар