Халықаралық ұйымнан газалықтарға көмек

Бүкіләлемдік азық-түлік бағдарламасы Мысыр арқылы Газаға екінші рет көмек жеткізді.

112671
Халықаралық ұйымнан газалықтарға көмек

Бұл туралы Палестина шекара қақпалары басқармасы мәлім етті. Алынған мәліметке қарағанда, Мысыр рұқсат бергеннен кейін Рефах шекара қақпасынан БҰҰ-ның Бүкіләлемдік азық-түлік бағдарламасының 1500 тонна гуманитарлық көмекті тасыған 20 көліктік конвой кеше Газаға кірді.


Гуманитарлық көмек түрлі азық-түліктер салынған 20 мың пакеттен тұрады. Бүкіләлемдік азық-түлік бағдарламасы 27 тамызда да Рефах шекара қақпасы арқылы Газаға 18 көлікпен гуманитарлық материал жеткізген болатын.


Аталмыш халықаралық ұйым Газа эмбаргосы басталған 2007 жылдан бері осы шекара қақпасын алғаш рет қолданды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар