Асадқа қарасты күштер тағы қырғын жасады

Асад күштерінің соңғы шабуылдарында 101 адам қаза тапты

110209
Асадқа қарасты күштер тағы қырғын жасады

Асадқа қарасты жасақтардың шабуылдарында қаза тапқандар арасында 32 бала мен 14 әйел бар.
Сирия Башар Асадқа қарасты армия жасақтары әртүрлі қалаларда оппозиционерлердің бақылауындағы аймақтарға ауыр қарулармен шабуылдады.
Сирия Адам құқықтары ұйымы (SNHR) жасалған мәлімдемеге қарағанда режим күштері әкімшілікке қарсы топтардың бақылдауындағы аймақтарға әуеден ‘баррель мен сорғыш бомбалары’ және құрлықтан ұзақ атымды зымырандармен шабуылдады.
Сирия төңкеріс кеңесі (SRGC) жасаған мәлімдемеде болса армияға тиесілі жойғыш ұшақтардың Халепте оппозицияның бақылауындағы Муйесир, Кади Әскери, Мусекин Ханану және бұрынғы Халеп аймағына жасаған баррель бомбасы шабуылында көптеген ғимараттың қирағаны атап көрсетілді.
Режимнің әуе шабуылында инфрақұрылымға да үлкен зиян бергені атап көрсетілген мәлімдемеде армияға қарасты жойғыш ұшақтар мен тікұшақтардың Идлиб қаласы мен төңірегінде Серакиб, Хан Шейхун және Хебийт ауылдарын үздіксіз бомбалағанына да назар аударылды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар