АҚШ-тағы барлау комитеттері Обамаға ескерту жасады

ИЛИМ-нің АҚШ немесе Еуропа елдеріне шабуыл ықтималы уайымдарды арттырды

110061
АҚШ-тағы барлау комитеттері Обамаға ескерту жасады

АҚШ Конгресінің әр екі қанатындағы барлау комитеті басшылары президент Обамаға шақыру тастады.
Басшылар қажетті шаралар қабылдамаған жағдайда ИЛИМ-нің Америка Құрама Штаттары немесе Еуропадағы одақтастарына шабуылдауы мүмкін екенін ескертті.
Біреуі республикашыл, біреуі демократ екі конгресс мүшесі ИЛИМ экстремисттік ұйымы мүшелерінің кейінгі нысаналары ретінде АҚШ немесе Батыс Еуропаға бағытталу ниетінде екенін алға тартты.
Конгресс мүшелері ИЛИМ-нің қажетті шаралар қабылданбаған жағдайда АҚШ немесе Еуропадағы одақтастарына шабуыл ықтималының уайымдарды арттырғанын тілге тиек етті.
Конгресс мүшелері Обамадан ИЛИМ қаупіне тойтарыс беретін қадамдар басуын және ауқымды бір стратегия дамытуын талап етті.
Өкілдер Мәжілісі Барлау комитеті басшысы республикашыл Майк Роджерс Обаманың сыртқы саясатын бағаландырғанда ‘күші әлсіреген’ деді.
Роджерс ИЛИМ-мен бірге соғысқан американдықтар тасыған АҚШ паспортының арқасында АҚШ-қа оралуларымен басталатын қауіпке назар аударды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар