«Бейбітшілік міндеті 2014» жалғасуда

Жаттығуға Қытай, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан жасақтары қатысуда.

107952
«Бейбітшілік міндеті 2014» жалғасуда

«Бейбітшілік міндеті 2014» әскери жаттығуы жалғасуда.
Шаңхай Ынтымақтастық Ұйымы тарапынан ұйымдастырылған терроризмге қарсы әскери жаттығу Қытайдың Ішкі Моңғол автономиялық аймағында соңғы күніне келді.
Қытай, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан елдерінің әскери жасақтары қатысқан әскери жаттығудың соңғы бөлімінде әуе күштері 2 мың жасанды террористке қарсы күресуде.
Құрлық күштері террористер жасырынған тауды зеңбіректің астынан алуда.
Дұшпан күштерінің қолында әскери көліктер, жеңіл әуе көліктері және сауытты көліктер бар.
Әскери жаттығудың қолбасшысы жаттығудың осы бөлімінің мақсаты ату сезімталдығын бақылау және ауыр әскери жабдықтардың әуеден атылуын сынау екенін жариялады.
24 тамыз күні басталған әскери жаттығу бүгін аяқталады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар