Түркия мен Қытай келісім үшін кездесуде

«Ұзақ аралыққа атылатын әуеден қорғаныс зымыраны» үшін екі ел кездесу өткізіп жатыр.

104182
Түркия мен Қытай келісім үшін кездесуде

«Ұзақ аралыққа атылатын әуеден қорғаныс зымыраны» үшін Түркия мен Қытай арасындағы келіссөз кездесулері басталды.
Қорғаныс өнеркәсібі хатшылығынан жасалған жазбаша мәлімдемеде Қытайдан алу жоспарланған әуеден қорғаныс жүйесінің көлемді бір құрылым екені ескертілді.
Мәлімдемеде ел ішінде құрылатын инфрақұрылым, ортақ өндіріс алаңдары, технология тасымалы, өнеркәсіп қолдауы сияқты тақырыптарда стратегиялық жоспарларға сәйкесетін көптеген маңызды жұмыстар мен зерттеулер жасалғаны білдірілді.
Келісім кездесулерінің жалғасып жатқанына назар аударылған мәлімдемеде процестің сыртында қалуды қаламайтын тараптарға байланысты ұсыныс беру уақытының 2014 жылы 31 желтоқсанға дейін ұзартылғаны жарияланды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар