АҚШ-та еврей тұрғындар Израильге наразылық көрсетті

Израиль шабуылдарына наразылықтар күн сайын артуда

101598
АҚШ-та еврей тұрғындар Израильге наразылық көрсетті

Израильдің Газаға бағытталған шабуылдарын жалғастырған Израильге еврейлер наразылық көрсетті.
АҚШ-та өмір сүрген 300-ге жуық еврей мен балалары Израильге протест еткен бір наразылық хатын Нью-Йорк Таймста жариялатты.
Басқа жағынан Газаның солтүстігіне жасалған шабуылда 2 адам қаза тапты, 4 адам жараланды.
Газада Тел-әл-Хавва көшесіндегі 12 қабатты бір ғимаратқа 2 рет әуе шабуылы жасады. Шабуылда 22 адам жараланды.
Израиль армиясы Хамас лауазымдысын нысанаға алғандарын алға тартып, ғимаратты толығымен бомбалады.
Басқа жағынан Палестина елбасы Махмут Аббас пен Мысыр елбасы Абдулфеттах әл-Сиси Каирде бас қосты.
Мысыр тараптарға келіссөздерді жалғастыру үшін шақыру тастады.
Дегенмен Хамас Каирдегі келіссөздерге қатысып қатыспайтындары жөнінде бір мәлімдеме жасамады.
Аббас Араб Одағы Бас хатшысы Небил әл-Арабимен бас қосты, кездесудің егжей-тегжейі туралы мағлұмат берілмеді. Газаға бағытталған Израиль шабуылдарына наразылықтар да жалғасады.
Амстердамда шерушілер Израильдің шабуылдарын айыптап, Голландияның аймақпен байланысты ұстанымын сынға алды.
Басқа жағынан 327 еврей мен балалары Нью-Йорк Таймс газетінде хат жариялап, Израильдің Газаға бағытталған шабуылдарын және басқыншылығын айыптады.
Израильдің 7 шілдеден бері Газаға жасаған шабуылдарында қаза тапқандар саны 2 мың 105-ке, жаралылар саны 10 мың 631-ге жетті.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар