Украина дағдарысына саяси шешім қарастырылуда

Германия-Ресей-Украина-Франция Сыртқы істер министрлері бас қосты.

94158
Украина дағдарысына саяси шешім қарастырылуда

Украина дағдарысына саяси шешім қарастырылуда.
Германия Сыртқы істер министрі Штайнмайер Украинадағы дағдарысқа саяси шешім қарастыруды мақсат еткен кездесулерінде «кейбір түйіндерде» ілгерлеу болғанын жариялады.
Штайнмайер Берлинге екінші мәрте шақырған Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров, Украина Сыртқы істер министрі Павло Климкин және Франция Сыртқы істер министрі Лоран Фабиуспен Сыртқы істер министрлігі қонақүйі Вилла Борсигте бас қосты.
Мөлшермен 5 сағат жалғасқан жиналыстан кейін баспасөзге мәлімдеме жасаған Штайнмайер кездесудің ауыр өткенін білдірді. Неміс министр «Кейбір тақырыптарда ілгерлеу болғанына сенемін, үмітім осылай» деп көрсетті.
Штайнмайер министрлердің келісімге келген тақырыптарды ел және үкімет басшыларымен бірге ақылдасатынын айтты.
Дипломатиялық хабар көздері кездесулердің жалғасып-жалғаспайтыны бүгін немесе сейсенбі күні анықталатынын хабарлады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар