Ирак премьер-министрі Малики отставкаға кетті

АҚШ отставка шешіміне қолдау көрсетті

92048
Ирак премьер-министрі Малики отставкаға кетті

Ирак премьер-министрі Нури әл-Маликидің отставкаға кетуіне байланысты АҚШ-тан құттықтау келді.
Вашингтон үкіметі Хайдар әл-Абадиге қолдау беру үшін Маликидің мұндай шешім қабылдауын дұрыс деп тапты.
Ақ Үйдің Ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Сюзан Райс бұл шешім арқылы Ирак халқының өз елдерін бөлінуден сақтап қалу үшін үлкен адым атқанын білдірді.
Маликидің отставкаға кету шешімін ыстық ықыласпен қарсы алған АҚШ іштен және тыстан қолдау көрсету арқылы Абади үкіметінің Ирак халқының ИЛИМ экстремистеріне қарсы бірігуін қамтамасыз ететінін білдірді.
Бұл мәселе туралы АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри де мәлімдеме жасады. Керри Иракта оң өзгерістер болу үшін мүмкіндік туғанын айтты.
Керри сондай-ақ стратегиялық келісім шарт баптарына орай АҚШ-тың ИЛИМ қаупіне қарсы жаңа үкіметпен жұмыс істеуге әзір екенін білдірді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар