АҚШ-тан Барзаниге үндеу

АҚШ күллі Ирак халқын қамтитын жаңа кабинет құрылуын қалайды

91158
АҚШ-тан Барзаниге үндеу

АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Джо Байден кеше Ирак күрт аймақтық үкіметінің басшысы Месуд Барзанимен телефон арқылы сөйлесті.
Ақ Үйден жасалған мәлімдемеде екі лидердің Ирактағы соңғы жағдайлар мен әскери операциялар туралы сөйлескені білдірілді.
Сұхбатта Байден күллі Ирак халқын қамти алатын жаңа кабинет құру міндеті тапсырылған Хайдар әл-Абадимен тығыз қарым-қатынас құруды қалайтынын айтқан.
Мәлімдемеде Байденнің Абадиге аталмыш тапсырма берілуі мен онымен бірге жұмыс істеуді қалайтындарға қолдау көрсететінін айтқанына назар аударылған.
Телефон сұхбатында сондай-ақ ИЛИМ экстремистерімен күресте беріліп отырған АҚШ-тың жәрдемі туралы да сөз болған.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар