Иракта билікке күрес артты

Нури Әл Малики Хайдер әл Едебиді танымайтынын мәлімдеді.

87822
Иракта билікке күрес артты

Нури Әл Малики президент Фуад Масумнан үкіметті құру міндетін алған Хайдер әл Едебиді танымайтынын мәлімдеді.


Ирак премьер-министрі Едебидің жаңа премьер ретінде тағайындалуының атазаңды бұзушылық деп есептелетінін, сотқа беретінін айтты.


Маликидің «Давет» партиясы да премьер-министрлікке кандидаттарының Малики екенін жариялады.


Ал Едебидің үкіметті құрумен міндеттендірілуіне Америка Құрама Штаттары мен Ұлыбритания жылы қарап отыр.


Америка Құрама Штаттары вице-президенті Джо Байден Едебимен телефон арқылы сөйлесіп, құттықтады.


Едеби осы телефон әңгімесінде Ирак Левант Ислам мемлекеті атты лаңкестік ұйымға қарсы шығу және ирактықтар үшін жақсы болашақ орнату әлеуетіне ие, ауқымды бір үкіметтің құрылуы үшін ниетін білдірді.


Сонымен бірге Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Филлип Хэмонд елінің Иракта әзірге бір әскери роль алмайтынын айтты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар