Израиль мен Палестина жаңа атысты тоқату келісімі жасады

72 сағаттық жасалған атысты тоқтатудың тұрақты болуы үшін тараптар Каирде бас қосады

87210
Израиль мен Палестина жаңа атысты тоқату келісімі жасады

Палестиналық топтар мен Израиль арасында қамтамасыз етілген 72 сағаттық жаңа атысты тоқтату келісімі жасалды.
Атысты тоқтату келісімінің артынан Газадан жаңа қақтығыс хабары келмегені және тараптардың атысты тоқтатуға бағынғаны байқалды.
Израиль мен Хамас арасындағы атысты тоқтату Мысырдың бітімгерлігінде түнгі сағат 00:01-де басталды.
Одан ұзақ мерзімді бір келіссөз үшін тараптар Каирде байланыстарын жалғастырады.
Израильдің келіссөздерге қатысатын делегациясы Каирге ұласты.
Келіссөздерде Израиль мен Палестина делегациялары арасында Газаны қарулы күштерден тазалау және Газа қоршауының толығымен жойылуы талап етіледі.
Басқа жағынан тараптар арасында шабуылдар атысты тоқтату жарияланғанша жалғасты.
Израиль бір ғимаратты және бір мотоциклды бомбалады. Шабуылда нысанаға алынған ғимарат толығымен құлады, көптеген адам жарақат алды.
Хамас болса Тель-Авивке зымыран шабуылы жасағанын жариялады.
Тараптар арасындағы бір күн бұрынғы атысты тоқтату 3 күннен кейін бұзылған болатын.
Атысты тоқтатудың бұзылуымен басталған Израиль шабуылдарында ең кемінде 30 палестиналық қаза тапқан еді.
Израильдің 7 шілде күні басталған Газа шабуылдарында қазірге дейін көпшілігі жазықсыз 1 мың 900 палестиналық қаза тапты.
Израиль тарапында болса 64 әскер мен 3 жазықсыз адам қаза тапты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар