АҚШ президентінің Ирак мәлімдемесі

Әуе операцияларының қай уақытқа дейін созылатыны белгісіз

85209
АҚШ президентінің Ирак мәлімдемесі

АҚШ президенті Барак Обама Ақ Үйде баспасөз конференциясы ұйымдастырып, американ армиясының Ирактағы ИЛИМ экстремистеріне қарсы операциялары туралы мәлімдеме жасады.
Обама әуе шабуылдары арқылы экстремистердің қару-жарақ, құрал-жабдықтарының жойылғанын айта келіп, пешмаргаларға жәрдемнің арттырылғанын білдірді.
Әскери операциялардың қай уақытқа дейін созылатыны туралы мәлімет бермеген АҚШ президенті мұның әжептеуір уақыт алуы мүмкін екенін ғана айтты.
Обама ИЛИМ экстремистерінің жылдам орын өзгеркенін білдірді. Аймаққа американ сарбаздары жіберілмейтінін қайталап айтқан президент Ирак халқының американ әскерлерін көруден жалыққанына назар аударды.
Иракты тез арада жаңа үкімет құруға шақырған Обама аймақта тұрақтылықтың орнауы мен азшылық халықтардың қалауын жүзеге асыру үшін заман керек екенін білдірді.
Аймаққа гуманитарлық жәрдемнің жалғасатынына назар аударған АҚШ президенті азық-түлік пакеттері мен ауыз судың тауды паналаған халыққа жеткізіліп жатқанын айтты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар