БҰҰ Қырым рапортын жариялады

Рапортта жаңа қысымдардың қырымдықтарды қоныс аударуға мәжбүрлейтіні алға тартылды

73942
БҰҰ Қырым рапортын жариялады

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Қырымда жаңа қысымдардың алдағы бірнеше айлық кезеңде қырымдықтарды қоныс аударуға мәжбүрлейтінін алға тартты.
БҰҰ Адам құқықтары Жоғары комиссарлығы АҚШ, Еуропа және Орталық Азия бөлімшесі төрағасы Джианни Магаззени 8 маусым мен 15 шілде күндері арасында жүргізілген бақылауды қамтыған төртінші Украина рапортын БҰҰ Женева кеңсесінде жасаған баспасөз жиналысында халықаралық қоғамға жариялады.
Азаматтық қоғам мекемелерінің мағлұматтары бағытында дайындалған рапорт жайлы Магаззени «Қырымда жаңа қысымдардың бірнеше айлық кезеңде қырымдықтарды қоныс аударуға мәжбүрлеу ықтималы бар екенін ескертемін» деді.
Магаззени «Қырым татарларына, Украина азаматтарына, діни азсандыларға және 16 наурыздағы референдумға қарсы шыққан шерушілерге бағытталған бөлшектеушілік пен азғырушы әрекеттер асқынды» деп ескертті.
БҰҰ Босқындар Жоғары комиссарлығы көрсеткіштеріне қарағанда 15 шілде күніне дейінгі мерзімде 13 мың 381 адамның Қырымды тастап кеткенін еске салған Магаззени соңғы мағлұматтар аясында «Қазірге дейін шамамен 14 мың адам қырымдан кетуге мәжбүрленді» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар