Израильдің Газаға шабуылдары жалғасуда

Оқ атуды тоқтату келісіміне деген үміт азайды

70089
Израильдің Газаға шабуылдары жалғасуда

ХАМАС-тың саяси лидері Халид Мешал Израильдің Газадағы 8 жылдық қоршауын жоюын және Мысырдың Рефах қақпасын ашуын талап етті.
Кеше Газада Біріккен Ұлттар ұйымының мектебіне оқ жаудырған Израиль армиясы түн ортасында Иордания өзенінің батыс жағалауында Палестиналық шерушілермен қақтығысып, 3 адамды өлтірді. Қаза тапқан Палестиналықтардың саны 797-ге шықты.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Палестиналық босқындарға жәрдем ұйымның Газадағы мектебі де Израиль ұшақтарының нысанасында еді.
Шабуылдар оннан астам адам қаза тапты, 200-ге жуық адам да жараланды.
Ал ХАМАС Газаның түрлі аймақтарындағы қақтығыстарда 8 Израиль әскерінің өлтірілгенін мәлімдеді.
Израиль армиясы да соңғы қақтығыстарда 32 әскерінің қаза тапқанын білдірді.
Біріккен Ұлттар Ұйымы Адам құқығы комитеті болса Израильдің Газада соғыс қылмысы жасап жатқан болуы мүмкін екенін мәлімдеді. Оқ атуды тоқтату келісіміне деген үміт барған сайын азаюда. АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри келіссөз жасалады деген үмітінің қалмағанын, сондықтан кері қайтатынын білдірді.
ХАМАС саяси лидері Халид Мешал Газаны қоршау жойылмай тұрып, оқ атуды тоқтатудың мүмкін емес екенін айтты. Ал Израиль болса бұған түбегейлі қарсы.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар