Палестина шекара қақпасын жапты

Бейт-Ханун шекара қақпасы жабылды

223805
Палестина шекара қақпасын жапты

Израильдің шабуылдарынан кейін Газа шекарасындағы Бейт-Ханун шекара қақпасы Палестина тарапынан жабылғаны білдірілді.
Газадағы шекара қақпалары басқармасының директоры Махир Әбу Субхе Израильдің Бейт- Ханун шекара қақпасын нысанаға алғанын және қирауына себеп болғанын айтты.
Мұндай шарттарда жұмыс істеуге мүмкіндік жоқ екенін, сондықтан шекара қақпасын жабуға мәжбүр екендерін айтқан Әбу Субхе халықаралық адам құқығы ұйымдарына шекарада жұмыс істейтін қызметкерлерді қорғау және шекараларға әскери операциялар жасалмауы мәселесінде жәрдем беруін талап етті.
Израильдің Газаға шабуылдарында 194 адамның қаза тапқаны, 1400 адамның жараланғаны білдірілді.
Израиль ХАМАС 2006-жылы Газада бақылауды қолға алғаннан кейін аймаққа санкциялар жасап, аймаққа апаратын 6 шекара қақпасын жапқан болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар