Мысырдың ұсынысын қабылдаған Израиль Газаға шабуылды тоқтатты

Атысты тоқтату ұсынысына Хамас бағынбайтынын мәлімдеді

130244
Мысырдың ұсынысын қабылдаған Израиль Газаға шабуылды тоқтатты

Израильде Министрлер кеңесінің Мысыр ұсынған атысты тоқтату келісімін қабылдауының артынан Израиль жойғыш ұшақтары азанғы уақытта Газаны бомбалауды тоқтатты.
Атысты тоқтатуды қабылдамаған Хамастың әскери қанаты да Израильдің оңтүстігіне 3 зымыран лақтырды, жараланған болмады.
Израильдің 1 аптадан бері жалғасқан шабуылдарында көпшілігі бала мен әйел 192 адам қаза тапты.
Хамас Израильдің атысты тоқтатуды қабылдамауы жайлы ресми бір мәлімдеме жасамады.
Дегенмен әскери қанаты Иззеттин әл-Кассам бригадасы азанғы сағат 09.00-дан бастап шабуылдардың тоқтатылуын қамтыған атысты тоқтату келісімін қабылдамады.
Хамас Израильден палестиналық тұтқындарды еркін жіберуін және Газаға жасалған экономикалық эмбаргоның жойылуын талап етті.
Атысты тоқтатудың артынан лақтырылған 3 зымыранның Израильдің Ашдод қаласы маңындағы 3 тегіс жерге құлағаны және зиян бермегені атап көрсетілді.
Израильдік лауазымдылар зымырандардың Газадан емес, Мысырдың Сина шөлінен лақтырылуы мүмкін екенін атап көрсетті.
Израиль кабинеті атысты тоқтату үшін берілген мерзімнің толуына бірнеше минут қалғанда бекітті.
Израиль әскери мәлімдемешісі шабуыл жасалған жағдайда қарсылық берілетінін ескертті.
Атысты тоқтатудың дәл алдында жасалған Израиль шабуылында болса Хан Юнус лагерінде тағы 3 палестиналықтың қаза тапқаны білдірілді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар