Халықаралық қоғамның назары АҚШ-тың Израиль жәрдемдеріне ауды

АҚШ-тың Израильге жәрдемдері ІІ.Дүниежүзілік соғыстан бері жалғасады

130062
Халықаралық қоғамның назары АҚШ-тың Израиль жәрдемдеріне ауды

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың «Әскери күшімізді Америка Құрама Штаттарының арқасында дамыттық. Табысымызды олардың материалды қолдауына борыштымыз» деген сөздерінің артынан назарлар АҚШ жәрдемдеріне ауды.
Вашингтон және Тель-Авив арасындағы материалды ынтымақтастық ІІ.Дүниежүзілік соғысқа дейін созылады.
АҚШ Конгресі рапорттарына қарағанда шетелдік мемлекеттерге жасалған көмектің ең үлкен бөлігі Израильге беріледі.Жыл сайын Израильге ашық қолдау жасаған АҚШ әкімшілігі осы елге соңғы 65 жылдың ішінде 121 миллиард доллар жәрдем жасады.
Екі жақты жәрдемдердің көпшілігі әскери қолдау ретінде жүзеге асқан.
Басқа елдерге бөлек бөлек төленген АҚШ жәрдемдері Израильге қаржы жылы басы боп қабылданған қазан айының ішінде төленеді.
АҚШ Сыртқы істер министрлігі құрамында қамтамасыз етілген жылдық 3 миллиард доллар сыртқы жәрдемге қосымша түрде Тель-Авив Пентагоннан қорғаныс қолдауы алады.
Бұл көрсеткіш те жылына 504 миллион доллар көлемінде.
Әскери жәрдем темір мұнара сияқты зымыран қорғаныс жүйелерінің зерттелуі, дамытылуы және өндірілуі мақсатты қолданылады.
Қазір орталығы АҚШ болған «Hawk» және «Patriot» зымыран қорғаныс жүйелері Израильдің қорғалуы үшін қолданылады.
2007 жылы Буш әкімшілігі мен Израиль арасында 10 жылдығына 30 миллиард долларлық әскери жәрдем пакеті келісіміне қол қойылды.
2009 жылы басталған төлемдер 2018 жылға дейін жалғасады.
АҚШ әкімшілігі Палестинаға да қолдау береді.
1990 жылдан бастап тікелей жіберілген материалды қолдау 5 миллиард доллар деңгейінде.
Бұл көрсеткіш екі мемлекетті шешім және Израильге бағытталған шабуылдардың алдын алу мақсатты жұмсалады.
БҰҰ арқылы жасалған гуманитарлық жәрдем көлемі болса барлығы 4,9 миллиард долларды құрайды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар