Иракта химиялық қарулар қауіпте

Ирак Леванд Ислам мемлекеті химиялық қару базасын қолға түсірген.

122675
Иракта химиялық қарулар қауіпте

Иракта химиялық қару аттанысы жасалды.
Ирак астана Бағдаттың солтүстік батысындағы химиялық қарулар базасының Ирак Леванд Ислам мемлекетінің қолына өткенін Біріккен Ұлттар Ұйымына хабарлады.
Ирактың Біріккен Ұлттар Ұйымындағы тұрақты өкілі Мұхаммед Али Ел Хаким тарапынан Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Пан Ги Мунға жеткізілген хатта Ирак Леванд Ислам мемлекетінің 11 масым күні Бағдат маңындағы Мутханн базасын және ішіндегі химиялық материалдарды қолға түсіргені білдірілді.
Хатта Ирак үкіметінің аймақтағы қауіпсіздік жағдайының нашарлауына орай базадағы химиялық қаруларды жою уәдесін орындай алмайтыны атап көрсетілді.
Саддам Хусейн әкімшілігі кезінен қалған химиялық қарулар базасында әртүрлі улы химиялық материалдар немесе оның қалдықтары болғаны білдірілді.
Мосул мен төңірегін жылдам қолға түсірген және Бағдатқа құқай көрсеткен Ирак Леванд Ислам мемлекеті 29 маусымда Иракта халифат елін құрғанын жариялаған болатын.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар