Австралия премьер-министрі Малайзия ұшағы жайлы мәлімдеме жасады

Жоғалған Малайзия жолаушы ұшағы жайлы жаңа іздеу бағыты белгіленді

113774
Австралия премьер-министрі Малайзия ұшағы жайлы мәлімдеме жасады

Куала Лумпурдан Пекинге ұшып жатқанда кезде жоғалған Малайзия әуе жолдарына тиесілі жолаушы ұшағын іздеу жұмыстары қолдағы мағлұматтар аясында аймақтың оңтүстігінде жалғасатын болады.
Іздеу жүргізілетін жаңа аймақ Австралияның батыс жағалауының 1 мың 800 шақырым қашықтығында орын алады.
Австралия үкіметі жүргізілген теңіз астындағы жұмыстармен байланысты 64 беттен тұратын бір рапорт жариялады.
Мамандар соңғы мағлұматтар бойынша ұшақ құлаған кезде автопилотпен ұшқанын анықталғанын білдірді.
Австралия премьер-министр орынбасары Варрен Трусстың тақырыппен байланысты жасаған мәлімдемесінде «Үлкен ықтимал ұшақ автопилотқа қосылған еді. Егер ондай болмағанда міндетті түрде жер серігімен анықталған бағытта ұшатын еді» деді.
Малайзия әуе жолдарына тиесілі Куала Лумпурдан Пекинге ұшқан MH370 нөмірлі рейс ұшып жатқанда байланысы үзілген еді. Ішіндегі 239 жолаушысы бар ұшақ 8 наурыз күнінен бері із-түссіз жоғалған болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар