БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне шағымданды

Израиль кеше мүрделері табылған израильдік үш адамға орай операция жүргізген болатын.

112523
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне шағымданды

Палестина Израильдің кешегі әуе шабуылына байланысты БҰҰ-ға шағымданды. Израиль кеше мүрделері табылған израильдік үш адамға орай операция жүргізген болатын.
Палестинаның БҰҰ-дағы тұрақты бақылаушысы Рияд Мансур Қауіпсіздік кеңесіне хат жолдап, Израильдің басып алынған жерлердегі әскери шабуылдарын арттырғанын және палестиналықтардың құқықтарының бұзылғанын айтты.
Лауазымды әсіресе Газа секторына жасалған шабуылдарда арасында балалар да бар жазықсыз азаматтардың қаза болғанын атап көрсетті.
Оның айтуынша, соңғы екі аптада Газа секторында азаматтар тұратын өңірлерге түн сайын Израиль шабуылдап отыр. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі бастаған халықаралық ұйымдар қылмыс жасап отырған Израильдің есеп беруін қамтамасыз етуі тиіс.
Палестиналық лауазымды Газа секторындағы адамдыққа жатпайтын заңсыз қоршаудың жойылуын және 1,7 миллион адамды топтық түрде жазаландырудың доғарылуы керектігін талап етті. «Халықаралық құқық аяққа тапталып жатқан кезде БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі қарап отыра алмайды» деді ол.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар