3 еурейдің мәйіті табылды

Батыс Шерияда жоғалып кеткен 3 израильдік жастың мәйіті табылғаны хабарланды.

112434
3 еурейдің мәйіті табылды

Израиль теледидары Батыс Шерияда 12 маусымда жоғалып кеткен 3 израильдік жастың мәйіті табылғанын хабарлады.
16 жасар Нафтали Френкел және Гилад Шаар мен 19 жасар Еял Ифрач соңғы рет Ел Халил төңірегінде байқалған.
Оқиғаларға орай Мәжіліс отырыстарын тоқтатты. Премьер-министр Беньямин Нетаняхудың кабинетті кезектен жинағаны білдірілді.
Жастарды алып қашқаны мөлшерленген адамдарға бағытталған операция дайындығының басталғаны хабарланды.
Ел Халилдің солтүстігіндегі Хелхул айылында қақтығыс болғаны білдірілді.
Америка Құрама Штаттарының президенті Барак Обама қаза тапқан израильдік 3 жастың жанұясындағыларға көңіл айтты және жастарды нысанаға алған террорды айыптады.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Пан Ги Мун да жастардың өлтірілуін «тұрпайы» деп бағалады.
Израиль үкіметі 3 еурей жастың алып қашырылуынан Хамасты жауапкер деп қарауда.
Израиль қауіпсіздік күштерінің 3 жасты іздеу операциясында 17 күнде бұрынғы министр мен депуттарды қамтыған 589 палестиналық ұсталған болатын.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар