Керкүкте референдум жасалатыны мәлімденді

Ал ИЛИМ экстремистері болса халифат жариялады

111506
Керкүкте референдум жасалатыны мәлімденді

Қақтығыстар жалғасып жатқан Иракта кикілжің өршіп барады.
Ирак Аймақтық Күрт үкіметі басшысы Месут Барзани түрікмендер тығыз орналасқан Керкүкте референдум шақырылатынын мәлімдеді.
Барзани кеше Біріккен Ұлттар Ұйымының Ирак мәселесіне жауапты өкілі Николай Миладиновты қабылдады.
Ресми мәлімдемеге қарағанда Барзани Ирак армиясы кетіп қалғаннан кейін пешмергелердің бақылауына өткен аймақтарда референдум өткізілетінін білдірді.
Референдум өткізудің себебі де «Ирак конституциясының 140-шы бабы» деп көрсетілді.
Керкүктің күрт жері екенін айтқан Барзани пешмергелердің қаладан кетпегенін айтты.
Референдум өтетін жерлер арасында Түрікмен елі ретінде білінетін Керкүк пен басқа аймақтар да бар.
АҚШ-тың Иракқа кіруінен кейін басталған көштер нәтижесінде Керкүкте күрт халқы санының жылдам өскені және қаланың демографиялық құрылымының өзгергені белгілі.
Ал ИЛИМ экстремистері болса Халифат жариялады.
Бір дыбыс таспасында экстремистердің лидері Әбу Бекир Бағдадидің халифа деп жарияланы жазылған.
Мәлімдеме жасалғаннан кейін кейбір тайпалар жаңа халифаға бағынатындарын білдірді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар