Украинада ұрланған ЕҚЫҰ бақылаушылары босатылды

Донецк пен Луганск қалаларында кепілдікке алынған бақылаушылар еркін жіберілді

111012
Украинада ұрланған ЕҚЫҰ бақылаушылары босатылды

Украинада Еуропа және Қауіпсіздік Ынтымақтастық Ұйымының (ЕҚЫҰ) 4 бақылаушысы еркін жіберілді. ЕҚЫҰ 29 мамырдан бері Украинаның Луганск аймағында кепілдікке алынған тағы 4 бақылаушының кеше еркін жіберілгенін жариялады.
Мәлімдемеде Германия, Голландия, Ресей және Испания текті бақылаушылардың денсаулықтарының жақсы екені атап көрсетілді.
Донецк және Луганск аймағындағы бақылаушылардың қақтығыстардың жалғасқанын атаған мәлімдемеде Украина бойынша 40 мемлекеттен 300 бақылаушының міндет атқарғаны жеткізілді.
ЕҚЫҰ Украина арнайы бақылау қызметі аясында Украинада міндет атқарған 4 бақылаушы 26 мамыр күні Донецкте, тағы 4 адамнан тұратын бір топ болса 29 мамыр күні Луганскта ұрланған болатын. Донецкте қызмет атқарған 4 бақылаушы кеше еркін жіберілген еді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар