Израиль Газаға шабуылдады

Израиль мен Палестина бірін-бірі атқылап жатыр.

109742
Израиль Газаға шабуылдады

Израиль тарапынан Газаның оңтүстігіндегі егістік алаңдарға зеңбірек оғы атылды.
Израиль армиясы Газаның Ел Карара қалашығындағы егістік алаңдарға 5 зеңбірек оғын атты.
Оқиғада жан шығыны болмады. Кейбір палестиналықтардың үйлері мен егістік алаңдар зақымдалды.
Сонымен бірге Газадан Израильдің оңтүстігіне бес зымыран атылғаны білдірілді.
Израиль армиясының мәлімдемешісі Авихай Адераа әлеуметтік хабар парақшасы Twitter–дағы есебінен жасаған мәлімдемеде Газадан Израильдің оңтүстігіне 5 зымыран атылғанын, мұның екеуі темір мұнаралы зымыран қорғаныс жүйесі тарапынан жойылғанын хабарлады.
Авихай Адераа басқа зымырандардың қайда түскеніне байланысты нақтылы мәлімет берген жоқ.
Израильдің алдыңғы күні кеште Газаға ұйымдастырған әуе шабуылында екі палестиналық қаза тапқан еді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар