ТҰҰМ делегациясы Германияға барды

ТҰҰМ Адам құқықтары зерттеу комиссиясы делегациясы NSU сотын бақылады.

108968
ТҰҰМ делегациясы Германияға барды

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі Адам құқықтары зерттеу комиссиясы делегациясы Германияда кездесулер өткізді.
Делегация кеше Мюнхен қаласында жалғасқан нәсілшіл Национал социялистік жерасты партиясының сотын зерттеді.
Кездесулер өткізу үшін Мюнхен қаласына барған Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі Адам құқықтары зерттеу комиссиясы делегациясы түрік көшпенділерге қарсы қылмыс өткізген нәсілшіл NSU террористік ұйымы сотының Мюнхен уәлаят жоғарғы сотына бақылаушы ретінде қатысты.
Сот отырысынан кейін мәлімдеме жасаған Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі Адам құқықтары зерттеу комиссиясының төрағасы Айхан Сефер Үстүн сотпен бірге құрбандардың жақындарының адвокаттарының байқағанындай, аталмыш қылмыстылардың артында орын алған күштер, ұйымдар немесе адамдар болса, олардың ортаға шығарылуын сұрады.
Айхан Сефер Үстүн сот кедергіге ұшыраса, Еуропа Адам құқы сотына арызданатындарын білдірді.
NSU террористік ұйымы сотындағы бірінші номерлі айыпты Беат Чепенің тіпті көп қылмыс ортаға шықпасын деген ниетпен үнсіз қалғанын айтқан Үстүн үндемеу құқық қолдануды біреулер ұсыныс еткен болуы мүмкін екенін білдірді.
Делегация сот төрағасы Карл Хубермен кездескеннен кейін Түркияға оралды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар